Сенбі, 16 қараша, 19:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№91-2101
16.11.2024
PDF мұрағаты

Оқу-ағарту министрі мектептерде рилс пен челлендждер түсіруге тыйым салды

14.10.2024

685 0

Фото: pixabay.com

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әлеуметтік желілерде мектепте түсірілген челлендждердің жиілеп кеткенін жеткізді. Айтуынша бұл оқу тәрбие бөлімі бойынша атқарылған жұмыстарға есеп беру үшін салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министр осы тұста мұндай челлендждерге қарсы шықты. 

«Біз қоғам мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Сондықтан мен ресми түрде оқушы, мұғалім, ата-ананың өзіне ұнамайтын немесе қаламайтын әрекетті жасауына тыйым саламын. Егер бұл, әрине, оның тікелей міндеттеріне кірмесе», – деді ол.

Алайда ол желідегі видеолардың жақсы жағын да айта кетті. 

«Меніңше, егер адам позитивті көңіл күйді көрсеткісі келсе, ұят ештеңе жоқ. Неліктен біз тек негативті көрсетуге құмармыз?! Шын мәнінде, біздің елде жақсы жайттар өте көп. Бірақ көбіне негативке назар аударғанды ұнатамыз. Бұл адамның еңбегі, егер сол арқылы жақсы нәтижеге жетсеңіз неге жасамасқа? Бұл ақпараттың дұрыс балансы болуы тиіс», – деп атап өтті Бейсембаев.

Министр бастысы видеода табиғи, шынайылық көрсетіліп, мәжбүрлеу болмауы шарт екенін алға тартты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: