Жексенбі, 05 қазан, 18:00

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№75,2187
04.10.2025
PDF мұрағаты

Оқу-ағарту министрі ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтады

05.10.2025

52 0

Фото: видеодан скриншот

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарды кәсіби мерекесі — Ұстаздар күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өзінің құттықтау сөзінде министр ұстаздың қоғам мен мемлекеттің дамуындағы ерекше рөліне тоқталып, келешек ұрпақ тәрбиесіндегі еңбектің баға жетпес маңызын атап өтті. Ол ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің: «Жақсы мұғалім – мектептің жүрегі» деген қанатты сөзін еске салып, педагогтің басты миссиясы — тек білім беру емес, сонымен бірге интеллектуалды, адал және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу екенін айтты.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұғалім мәртебесін көтеруді мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы ретінде айқындаған.

Президентіміз мұғалімдердің құқықтық мәртебесін одан әрі нығайтуды тапсырып, бірнеше міндеттер жүктеді. Осыған байланысты біз Парламент Мәжілісімен бірге заңнамалық өзгерістерді жүзеге асыратын боламыз және осы жолда ұстаздар қауымдастығымен міндетті түрде ақылдасамыз, – деді министр.

Сондай-ақ ведомство басшысы білім берумен қатар, тәрбие процесінің маңызына ерекше назар аударды,

Сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру – бұл аса маңызды міндет. Бұл міндетті ата-аналарымызбен бірге жүзеге асыратындығымызды атап өткім келеді, – деді ол.

Құттықтау соңында Жұлдыз Сүлейменова ұстаздарға өз алғысын білдіріп, шығармашылық табыс тіледі.

Қымбатты ұстаздар! Баршаңызға Ұстаздар мерекесі құтты болсын! Өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өнегелі еңбектеріңіз жеміс болсын!, – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: