Жұма, 17 қазан, 12:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78, 2190
14.10.2025
PDF мұрағаты

Оқушылар арасында алғаш рет қаржы және цифрлық қауіпсіздік бойынша олимпиадада өтеді

17.10.2025

104 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстанда алғаш рет оқушылар арасында қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік олимпиадасы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық пен цифрлық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада өткізу бастамасын көтерді.

Бұл жоба оқушылардың қаржы саласындағы білімін арттыруға, қаржылық жауаптылық пен цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Олимпиаданың бірінші (мектепішілік) кезеңі 17 қазан күні барлық өңірлерде офлайн форматта өтеді. Қатысушылар 30 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын 60 минут ішінде орындайды. Үздік нәтиже көрсеткен 30 оқушы келесі кезеңге жолдама алады.

Барлығы төрт кезеңнен тұратын олимпиаданың финалы 2026 жылдың мамыр айында Астана қаласында өтеді. Қорытынды кезеңде әр өңір мен республикалық білім беру ұйымдарынан үздік 150-ден астам оқушы бақ сынайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: