Қазақстанда мектеп оқушыларының көптен күткен демалысы келе жатыр,деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстандық оқушылар үшін көктемгі демалыс 21-31 наурыз аралығында өтеді. Мектеп оқушылары көктемгі демалыста барлығы 11 күн демалады. Үшінші тоқсан мектеп бағдарламасындағы ең ұзақ болып саналады – ол 10 оқу аптасына созылады. Төртінші тоқсан 1 сәуірде басталып, 25 мамырға дейін жалғасады. Ол 8 оқу аптасына созылады.
Бұған дейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу мерзімін, ұзақтығын және каникул кезеңдерін бекіткен болатын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!