Қазақстанда халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен ұстаздарына ақшалай сыйақы беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ОКҚ-да өткен брифингте «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Гаждембек Тұрсынов айтты.
Қазақстан – олимпиада жүлдегерлерін марапаттау тәжірибесін ұстанатын аз ғана елдердің бірі. Мемлекет басшысының бастамасымен 2022 жылдан бастап халықаралық пәндік олимпиада жеңімпаздары мен олардың ұстаздары үшін арнайы ақшалай сыйақы тағайындалды, – деді ол.
Сыйақы мөлшері:
– Алтын медаль – 1500 АЕК – 5 898 000 теңге
– Күміс медаль – 1000 АЕК – 3 932 000 теңге
– Қола медаль – 500 АЕК – 1 966 000 теңге
Сонымен қатар оқушыны дайындаған педагогтер де марапатталады:
– Алтын медаль иегерінің ұстазы – лауазымдық жалақысының 26,5 еселенген мөлшерінде сыйақы алады.
– Күміс медаль иегерінің ұстазы – 17,5 еселенген мөлшерде марапатталады.
– Қола медаль иегерінің ұстазы – 8,5 еселенген мөлшерде сыйақыға ие болады.
Бұл бастама дарынды оқушыларды қолдауға және ұстаздардың еңбегін ынталандыруға бағытталған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!