Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Оқушылар өндіріс орнында болып, жұмыс барысымен танысты

02.12.2022

673 0

Оқушыларға мектепте білім алатын соңғы жылдарында ең маңызды таңдау жасауға тура келеді. Болашақ мамандығын таңдаудың адам өміріндегі маңыздылғын көпшілік біледі. Себебі тек сүйікті жұмыс қана адам жетістікке жетелеуге қауқарлы. Міне, осы себептен оқушыларға мектеп кезінде-ақ мамандықты дұрыс таңдауы үшін көмектесу қажет. Мұндай ұстаным Қызылордағы қаласындағы Серғали Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейде де бар.

«Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» апталығының жоспарына сәйкес, Серғали Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицейдің 10-сынып оқушылары Қызылорда облысындағы іргелі өндіріс орындарына барып, жүмыс барысымен танысуға мүмкіндік алды. Мектеп оқушылары «Абзал және К» толық серіктестігінің зауытына, «Сафия» су шығару цехы және «Далатекс» тігін фабрикасына барып, өндіріс орнындағы қарбалас жұмыстың басы-қасында болды.

Бұл шараны ұйымдастырудағы мақсат − оқушыларды облыс орталығындағы өндіріс орындарымен таныстыра отырып, кәсіпкерлік саласы туралы мағлұмат беру. Оқушылар зауыт, фабрика, цех мамандарынан өндіріс орындарының жұмысы, өнім қуаттылығы, жұмысшылар жалақысы туралы сауалдарын қойып, тиісті жауап алды. Мектеп оқушылары күріштің қалай ақталып өңделетінін, киім тігу саласын, фильтрленген судың қалай дайындалатынын көзбен көріп, саланың сан-қырымен танысты.

Мұндай форматтағы кездесу балалардың өндіріс жайлы танымын арттырып, қызығушылығын тудырғаны анық. Оқушылардың өздерінің көкейіндегі сұрақтарына толық әрі нақты жауап берген серіктестік мамандары мектепте білім алатын жас өрендерге арнайы естелік сыйлықтарын да табыстады.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: