Қостанайлық оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды Massaget.kz .
Қостанай мектептерінің бірінші ауысымында оқитын оқушылары жұмада қашықтан оқу форматына ауыстырылды. Бұл ақпаратты қалалық білім басқармасы таратты. Мұның себебі – күннің бұзылуы. Қазір қалада қарлы боран соғып тұр.
Сонымен қатар Қостанай облысы Ұзынкөл және Меңдіқара аудандарының мектептерінде сабақтар тоқтатылды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!