Сенбі, 21 желтоқсан, 17:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Оқушылар жаппай уланды

04.10.2024

338 0

Мектепте оқушы бұрыш спрейін шашып, 20-дан астам оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оқиға Қызылордада орын алған, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Оқиға 3 қазан күні облыс орталығындағы мектептердің бірінде болған. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қызылордадағы мектептердің бірінің оқушысы бұрыш спрейін шашқан.

«Қызылордадағы орта мектепте бұрыш спрейін қолдану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

№9 орта мектептің зардап шеккен оқушыларының бірі, 12 жастағы Диманың айтуынша, оқиға ағылшын тілі сабағы басталған кезде, шамамен сағат 17:00-де болған.

Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы 7 мен 12 жас аралығындағы 20-дан астам бала түскенін хабарлады. Олардың бәрінің іші ауырып, жүрегі айнып, тамағы жыбырлаған және ауыздарынан жағымсыз иіс шыққан.

«Бізге 3 қазан күні сағат 16:00-ден бастап балалар түсе бастады. Оның ішінде зардап шеккен бес баланың жағдайы тұрақты ауыр болғандықтан, «белгісіз заттан улану» диагнозымен токсикология бөліміне жатқызылды. Зардап шеккен қалған балалар медициналық көмек алған соң мекемеде дәрігерлердің бақылауында болды, кейін үйлеріне жіберілді», – деді педиатр Айдана Байсара.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: