Бейсенбі, 25 қыркүйек, 16:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№72, 2185
23.09.2025
PDF мұрағаты

Педагог мәртебесіне арналған ашық диалог өтті

25.09.2025

79 0

Қазақстан Халық партиясының Қызылорда облыстық филиалы «Педагог мәртебесі – сапалы білімнің негізі» атты партиялық жобасы аясында ашық диалог алаңын өткізді.

Диалог алаңының басты мақсаты – ұстаздармен еркін пікір алмасып, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, педагог мәртебесін арттыру және олардың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеу болды.

Жиынға қала мектептерінің мұғалімдері мен колледж ұстаздары қатысты. Кездесуде олар күнделікті жұмыс барысында туындайтын түйткілді мәселелерін ашық айтты.

Педагог мәртебесіне арналған ашық диалог өтті

Көтерілген негізгі мәселелер:

1.Мұғалімдердің түнгі рейд жұмыстарына қатысуы.
Ұстаздар бұл мәселе олардың қауіпсіздігіне қатер төндіретінін айтты. Президент Тамыз конференциясында мұғалім жұмыстан тыс уақытта баланың қауіпсіздігіне жауап бермейді, бұл – ата-ананың міндеті екенін атап өткен болатын. Дегенмен, кейбір аймақтарда ұстаздарды рейд жұмыстарына тарту жалғасып отыр.

2.Сенбілікке шығу.
Педагог мәртебесі туралы заң қабылданғанына қарамастан, мұғалімдерді сенбілікке шығару фактілері әлі де кездеседі. Бұл ұстаздардың негізгі қызметінен тыс жұмыстарға жегілмеуі керектігін тағы бір рет көрсетті.

3.Инклюзивті білім берудің қиындығы.
Мұғалімдер ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту барысында түрлі қиындықтарға тап болып отырғанын айтты. Әсіресе колледждерде білім алатын ерекше жастар үшін 95 минуттық ұзақ сабақтар ауыр тиеді. Олар тез шаршап қалады, оқу процесіне бейімделуі күрделі және мұндай жағдайда арнайы әдіс-тәсілдер қолдануды қажет етеді.

Педагог мәртебесіне арналған ашық диалог өтті

Ашық диалог барысында айтылған ұсыныстар мен пікірлер педагог мәртебесін арттыруға, ұстаздардың құқықтарын қорғауға және білім саласындағы саясатты жетілдіруге негіз болмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: