Педагог өз құзыретіне кірмейтін оқыс жайттар үшін айыпталудан қорғалады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, – деп хабарлайды kursiv.media.
Министрліктің ақпаратына қарағанда, биылғы оқу жылында ата-аналар комитеттері трансформацияланады. Жаңа мектептер, бірыңғай дизайн-код, жасанды интеллект мәселесі қолға алынып, педагог мәртебесі бекітіледі.
Ғани Бейсембаев осы тақылеттес алдағы оқу жылының басты міндеттерін айқындаған.
«Педагог өз құзыретіне кірмейтін оқыс оқиғаларға байланысты негізсіз айыптаулардан қорғалуы керек. Бұл – мемлекеттің негізгі ұстанымы. Мұғалімді қорғау арқылы біз балаларды және олардың сапалы білім алуға деген құқығын қорғаймыз», – деді министр.
Ғани Бейсембаев бұл жөнінде Шымкент қаласында «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында қалалық тамыз конференциясы кезінде хабарлаған.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!