9 ақпан – қазақтың Хантәңірінің мұзбалағы, поэзия патшасы, «Ғасыр ақыны» атанған, миллион сезімніің иесі – Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Осыған орай Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінде 8 «Ә» сынып оқушыларының ұйымдастыруымен » Поэзияның асқар шыңы – Мұқағали» атты әдеби-сазды кеш болып өтті.
Кешке ұстаздар мен сынып ата-аналары қатысты. Әдеби-сазды кеш барысында оқушылар М.Мақатаевтың жыр шумақтарын оқып, ән шырқады. «Махаббат диалогі, » Дәрігер» өлеңдеріне көрініс қойып, ақын рухына арнап күй ойналды. Үйден оқитын Әбутәліп Жәнібек те кешке өз үлесін қосып, инклюзивті білім беру орталығының мамандары С. Көмекбаева мен С.Имашеваның сүйемелдеуімен слайд жасап, ақынның өмір жолымен таныстырды.
«Бақыт деген» әнін кеш соңында оқушылар хормен шырқады. Ата-аналар оқушылардың өнеріне өз ризашылығын білдіріп, нар тұлғалы ақынның шығармашылық кешін дәріптейтін болашақ ұрпақтардың өсіп келе жатқанына қуанды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!