Қызылорда қалалық Полиция басқармасының әйелдері зорлық зомбылықтан қорғау тобы инспекторы қала аумағындағы Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп – лицейі оқушыларымен мен кездесу өткізілді.
Өткізілген кездесудің негізгі мақсаты – болашақ мемлекетіміздің ірге тасын қалайтын өскелең ұрпаққа әйелдер мен балаларға қатысты тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу,қазіргі таңда қоғамда үлкен мәселеге айналып отырған бала өміріне қауіп төндіретін «Өгей әке», «Өз үйі өзіне қауіпті» тақырыбы қозғалып, сонымен қатар беймезгіл уақытта жүрмеу керектігі ескертіліп, қауіпсіздік шаралары жайлы айтылып, кездесу өткізілді.
Отбасы тұрмыстық қарым -қатынастар аясында зорлық – зорлық көрген не осындай жағдайға куә болған азаматтар назарына Қызылорда ҚПБ-сы, сонымен қатар қала көлемінде орналасқан «Қамқорлық»,»Жан»,»Аналар Үйі» дағдарыс орталықтары мен қоғамдық қорлары жұмыс істейтінін назарға салады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!