Жексенбі, 22 желтоқсан, 19:48

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қай мамандыққа талапкер көп?

23.07.2022

628 0

Жаңа оқу жылына мемлекеттік грант құжаттары қалай қабылданады? Қай маман­дықтарға грант көп бөлінген және талап­керлер қай мамандыққа құжатты көп тап­сыруда? Өңірлік коммуникациялар қыз­ме­тінде өткен брифингте осы мәселе сөз болды.

– Қазіргі таңда университетте 8 мыңға жуық білім алушы бар. Осы жылы оқуын тәмамдап, дипломын алған 2159 түлектің 200-ге жуығы үздік диплом иегері атанды. Университетте 62 бакалавр, 36 магистратура және 13 докторантура білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды. Ал университетке құжат тапсыруға келетін жас талапкерлер легін қабылдауға университет мамандары толықтай әзір. Оқу орны мен мамандықтар, құжат қабылдау ережелері туралы туындаған сұрақтарға жауап беру үшін университет бойынша 24 техникалық хатшы жұмыс істеуде. Оқуға түсушілер үшін өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы дайындалған, – деді Жандос Нұртайұлы.

Брифинг барысында оқу орындарының виртуалды кеңселері қайта ашылғаны және қабылдау комиссиялары өтініштерді онлайн және офлайн форматта да қабылдап жатқаны айтылды. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде талапкерлерді қабылдауға барлық жағдай жасалған. Арнайы орындықтар орнатылып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда. 

– Талапкерлердің ІТ саласына, педагогикалық және медициналық бағыттарға қызығушылығы басым екені байқалады. Ақпараттық-технологиялық мамандықты игеруде жастарға мүмкіншілік зор. Университет тара­пынан кейбір әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасыларға, бала күнінен мүгедек студенттерге, көпбалалы отбасыларға бірқатар жеңілдіктер қарасты­рылған, – дейді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Марат Мәлікұлы.

Жас талапкерлерге сұранысына сай кеңес беруге оқу орнының профессор-оқытушылары жұмыс істеуде. Алайда «құжатыңды оңай тапсырып беремін», «грантқа оқуға түсіріп беремін» деген алаяқтық әрекеттер де болып жатқаны айтылды. Сондықтан бейресми ақпаратқа сенбей қабылдау комиссиясының ресми ақпаратына сүйену керектігі айтылды. Айта кетейік, биыл оқуға түсушілер қатары көптігіне байланысты құжат қабылдау екі күнге ұзартылған.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: