Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 01:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қалада жаңа жеке мектеп ашылды

25.11.2023

847 0

Қызылорда қаласындағы Сырдарияның сол жағалауынан бой көтерген жаңа шағын ауданға қоныстанушылар күн санап артып келеді. Бүгін осындағы «Orda school» мектебі жанынан салынған үшінші оқу ғимараты балалар игілігіне пайдалануға берілді.Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев білім ордасының ұстаздары мен оқушыларын жайлы да жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.

«Алаш қайраткері, ақын Мағжан Жұмабаев «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тынбай-ақ серттесуге болады» деген сөзі баланы оқыту үшін ең бірінші жайлы да заманауи мектептің керегін еске салады. Жерлесіміз, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлының бастамасымен 2017 жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған «Orda school» бастауыш мектебі өңірдегі іргелі білім ошақтарының қатарына енді. Бұл салаға инвестиция салған кәсіпкерлер аз емес. Қазірдің өзінде облыстағы 30 жеке мектепте 12 мыңға жуық оқушы білім алуда. Балаларымыздың болашағы жарқын болсын. Санасы сергек, ойы ұшқыр, бәсекеге қабілетті шәкірттеріміз көбейсін!» – деді аймақ басшысы.

Рәсімде облыс әкімі мектеп ұжымына ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтің құттықтау хатын табыстады.Іс-шарада Мұрат Бақтиярұлы жерлестерін құттықтап, Білім беру ісінің үздігі Серікбай Қошқаров жиналғандарға ақ батасын берді.Облыс әкімі мектеп ғимаратын аралап көріп, конференц зал, робототехника кабинеті, кітапхана, асхана, спорт залдың жұмысымен танысты.Айта кетейік, алғаш ашылған жылы «Orda school» мектебінде 180 бала білім алса, бүгінгі күні оқушы саны 2100-ге жетті. Мұнда 214 педагог оқушыларға білім беруде. Жаңа ғимаратта оқу кабинеттері, шығармашылық бөлмелер талапқа сай жасақталған. Балалардың жан-жақты дамуы мен демалуына барлық жағдай қарастырылған. Биыл Қызылорда облысында 2 жаңа мектеп пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін Қазалы ауданы Әйтеке би кентіндегі 250 орындық, Жаңақорған ауданы Май бекетіндегі 300 орындық оқу ордасының ашылуы жоспарлануда. Өткен аптада Шиелі ауданы Байсын ауылындағы 250 орындық мектептің жаңа ғимараты табысталды. Бұдан бөлек, Қызылорда қаласындағы 4 мектепке 1850 орындық қосымша ғимараттар салынды. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде 12 300 орынға лайықталған 21 мектеп салынуда. 10 мектептің құрылысы басталды, оның 5-еуі облыс орталығында. «Білімді қолдау қоры» есебінен 7,9 млрд. теңгеге дарынды балаларға арналған 400 орындық физика-математика бағытындағы мектеп-интернаттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.Биыл «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы салынады. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен Сырдария өзенінің сол жағалауынан 4,8 млрд. теңгеге музыкалық колледждің жаңа ғимаратының құрылысы басталмақ.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: