Жұма, 19 желтоқсан, 20:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Қаңтар айында ҰБТ тапсыратындар үшін маңызды ақпарат

19.12.2025

46 0

Фото: Ұлттық тестілеу орталығы

Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 2025 жылғы 22-30 желтоқсан аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өтініш беру Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 2026 жылғы 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:

  • орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
  • шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
  • өткен жылғы мектеп және колледж түлектері (толық оқыту нысанына);
  • ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар (қандастар);
  • шетелде білім алған бітіруші 11 (12) сынып оқушылары (Қазақстан Республикасының азаматтары);
  • Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
  • ЖОО-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

Тестілеуге қатысу құны – 5 640 теңге.

Тестіленушілер ҰБТ-ға өтініш беру кезінде тестілеу өтетін пункті, күнді және уақытты өз еркі бойынша таңдайды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: