Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 05:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қаңтардағы ҰБТ: ақылы оқуға түсуге мүмкіндік бар

23.01.2021

1824 0

Мемлекеттік білім сынағы жылына төрт мәрте ұйымдастырылады. Министрлік өкілдерінің атап өткеніндей, қаңтар, наурыз, тамыз айында тапсырған тестілеу ақылы оқуға түсуге мүмкіндік береді. Егер талапкер маусым айындағы сынақтан өтсе, грант бөліміне тапсыра алады.

Сәрсенбі күні 2021 жылдың алғашқы ақылы ҰБТ сынағы басталды. Биыл Қызылорда қаласы бойынша жалпы білім беретін 51 мектепті 2255 оқушы бітіреді. Оның ішінде 2069 оқушы қаңтар айында өтетін ақылы ҰТБ-ға қатысады деп жоспарланған.
Бүгінгі таңда сынақ 20-26 қаңтар күндері «Мұрагер» мектебінде және Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың №5 оқу ғимаратында орналасқан тестілеу пунктінде өтіп жатыр. Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың №5 оқу ғимаратына 42 мектептен 1564, «Мұрагер» мектебіне 13 мектептен 505 бітіруші тапсыруда.
Бүгінде «Мұрагер» мектебінде орналасқан №733 ҰБТ өткізу пункті ереже талаптарына сәйкес қажетті құралдармен толық жабдықталған.
– Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін орындар арнайы баррикалдық ленталармен, зарарсыздандыру туннельдерімен, бактерицидті шамдармен, тепловизорлар, санитайзерлер, аяқ-киімдерге арналған зарарсыздандыру кілемшелері, маскаларға арналған жәшіктермен және қолданылған маскаларды жою жәшіктерімен қамтамасыз етілген, – деді Қызылорда облысы білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Нұрлан Дәулетәлиев.
Сонымен қатар тестілеу пунктінде 2 рамалық детектор, 2 қолда ұстайтын металл іздегіш, 12 аудиторияда 12 телефон дыбысын тұншықтырғыш және 24 бейнекамера орнатылған. Тестілеу барысын онлайн трансляция жүргізу мақсатында жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен жабдықталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: