Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қашықтан оқу форматы енгізілмейді – Бас санитар дәрігер

03.08.2022

787 0

Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова өңір «қызыл» аймаққа кірген жағдайда білім беру саласында енгізілетін шектеулер жайында айтты. Сөзінше, оқыту онлайн форматқа ауыспайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Біріншіден – бұл санитариялық-зарарсыздандыруды күшейту, тазалық жүргізу жиілігін арттыру, кабинеттерді желдету, ауаны зарарсыздандыру. Сонымен қатар кіре берісте сүзгі орнатып, педагогтер мен қызметкерлердің дене қызуын өлшеу қолға алынады», – деді Айжан Есмағамбетов.

Бас санитар дәрігер қашықтан оқыту форматы енгізілмейтінін мәлімдеді. Алдымен мектептегі тазалық жұмыстары жиілейді. Екінші кезекте оқушылар мен мұғалімдерді термометриядан өткізу жүйесі қосылады. Үшінші кезекте «қызыл» аймаққа өткен өңірлерде мәдени, тәрбие іс-шараларын, сынып және ата-аналар жиналысын өткізуге тыйым салынады.

“Алда әлі тамыз айы бар. Болжамға сәйкес, тамызда ауру деңгейі артады, ал қыркүйекте қайта төмендейді. Шектеу шараларының толық пакеті оқу жылының басында, жағдайға байланысты жасалады”, – деп түсіндірді ол. 

Бас санитар дәрігердің сөзінше, қазіргі эпидахуалға қарайтын болсақ, оқушыларды қашықтан оқуға жіберу болжанып отырған жоқ. Онлайн режимнің енгізілуі таралатын штамм мен вирус жұқтыру санына байланысты болады екен. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: