Бейсенбі, 10 сәуiр, 04:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№25,2138
08.04.2025
PDF мұрағаты

Қазақ тілінің әдеби тіл ретіндегі қызметі, сөз өнері, мәдениеті, тарих айнасы

05.04.2025

101 0

«Сөз мәдениеті» курсының мазмұны оқыту мен оқу үдерісінде қысқа мерзімді жоспарлау арқылы жүзеге асты. Сабақ мақсаттарының иерерахиясы Блум таксономиясы бойынша ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделіп сараланып құрылды. Сабақ мақсатынан күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін бағалау критерийлері құрастырылды. Әрбір сабақ тақырыбы, ұсынылатын дидактикалық материалдар, мәтіндер мазмұны бойынша пәнаралық байланыстың негізі ашып көрсетілді. Топтық, жұптық, жеке жұмыс түрінде берілген тапсырмалар арқылы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясындағы құндылықтарға баулу мақсат етілді. Белсенді әдістер арқылы нәтижеге бағытталған тапсырмалар сабақ мақсатына сай реттілікпен ұсынылды. Әр тапсырмадан соң оқушылардың оқудың қай сатысында тұрғандығын, жетістіктері мен оқудағы қиындықтарын анықтау үшін  қалыптастырушы бағалаудың мадақ сөздері, бас бармақ, смайликте, жұлдызшалар арқылы бағалау, «Блум токсаномиясы», «ЖИГСО», «Синквейін», «Ойлан тап», «Сен маған- мен саған», «Түртіп алу», «жағасын тап», «Стикердегі диалог» әдістері топтық, өзін-өзі бағалау, өзара бағалау, мұғалімнің бағалауы жүргізілді. Тапсырмалар бойынша оқу нәтижелерін тексеруде критериалды бағалау қолданылды.

Тапсырмалар дұрыс жауаппен салыстырылып, тексерілді. Бұл жұмыстар оқушылардың оқуын өздері қадағалауға, бағалауға, сыныптасымен бірге жұмыс істеу дағдыларын және оқудағы қиындықтарды анықтап, оларды жеңу жолын іздестіруге ықпал етеді. Оқушылардың уәжін

көтеру, қолдау, қайта бағыттау мақсатында мұғалім тарапынан ауызша сындарлы кері байланыс берілді. Сабақ кезеңдері мен тапсырмаларды орындау бойынша уақыт бөлінісі сақталынды.

Қысқа мерзімді жоспарлауда оқушылардың зейінін шоғырландыру, логикалық байланыста, дәлелді сөйлеу шеберлігін шыңдау, шығармашылық ізденіске тарту үшін жеке жұмыс түріне деңгейлік, шығармашылық тапсырмалар ұсынылды. Тапсырмаларды оқу қажеттілігіне қарай саралауда әрбір оқушының ішкі уәжі ескерілді. Тапсырманы орындауда таңдауға мүмкіндік беру, өзін-өзі басқару, реттеуге орта жасау, алған білімін сыныпта және сыныптан тыс

жерлерде қолдану, тапсырмалар танымдық және қызықты болуы ескеріліп, сабақ бойынша жасалған рефлексия негізінде келер сабаққа жоспарлау жүзеге асырылды.

Курстың міндеті:

˗ оқушылардың танымдық деңгейін көтеру;

˗ оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

˗ ойлау белсенділігін, ой-өрісін дамыту; өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

˗ оқушылардың ғылыми-ізденіс жұмыстарына деген қызығушылығын арттыру.

˗ ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

˗ оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

˗ қазақ тілінде еркін қарым-қатынас жасауға дағдыландыру;

˗ сөздіктің көмегімен көркем шығармалардан үзінділер оқып, мазмұны бойынша талдау жасау;

˗ сауатты оқу, жазу, есте сақтау, қисынды ойлау қабілеттерін  дамыту;

˗ сөздерден сөз тіркесін, сөз тіркесінен сөйлем құрастыра алу керек;

˗ мәтіндегі сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай ажырата алу керек;

˗ мәтін қандай тәсілмен жазылғанын ажырата алу керек;

Күтілетін нәтиже:

Оқушылар кез келген ортада сөйлеу мәдениетінің ерекшелігін, маңыздылығын ұғынып, шебер, әдеби тілде сөйлеуге жаттығады. Би – шешендердің сөздерін талдап, оқу арқылы жаңа ұғымдармен танысады.

Мақал-мәтелдерді орынды қолдана отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді.

Сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.

Шығармашылық қабілеті мен танымдық ой-өрісі шыңдалып, дамиды, өзіндік ой қорытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.

Әйгілі ғұламалардың қанатты сөздердің мән-мағынасын түсініп, бойына ұлттық тәрбиені сіңіреді.

Жаттығулар мен тапсырмалар орындау барысында түрлі әдістәсілдерді қолдану арқылы логикалық ойлауы дамиды. Сыныпта топтық жұмыстар орындау арқылы, топпен іс-әрекетте

тәрбиеленеді.

6-сынып оқушыларының білімі мен біліктілігіне қойылатын  талаптар:

Оқушылар нені білу керек:

˗ қазақ тіл білімінің салалары бойынша барлық ережелерді;

˗ білгенін практика жүзінде іске асыра алуды;

˗ талдау машығының жоғары болуы;

˗ орфографиялық заңдылықтарды терең меңгеру;

˗ салыстыра алу қабілетінің басым болуы.

Оқушылар нені үйрену керек:

˗ тіліміздің өзіндік заңдылықтарын өз жұмыстарында сауатты қолдану;

˗ грамматикалық ережелер негізінде мәтінмен жұмыс істеу;

˗ сауатты талдау қолданып, бірігіп жұмыс істеу

Скакова  Айгүл Кенжебекызы

М.Шоқай атындағы №187 IT мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиеті   пәнінің мұғалімі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: