Алматы қаласының прокуратурасы қадағалауды жүзеге асыру аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының бір бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Алматы қаласының прокуратурасы қадағалауды жүзеге асыру аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының 208 шаршы метр бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтады. Прокуратураның талап-арызы бойынша сот, жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сот актісі заңды күшіне енді», делінген прокуратураның 31 қаңтардағы хабарламасында.
Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган қайтарылған активке бағалау жүргізуде.
Мемлекеттік мүлікті пайдалану және иеліктен шығарудың заңдылығын қадағалау, Алматы қаласы прокуратурасының жіті бақылауында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
