Жұма, 21 қараша, 20:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88, (2200)
18.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан білімінде ЖИ жаңа кезеңі

21.11.2025

43 0

Фото: gov.kz

Қазақстанда білім беру саласында жасанды интеллектіні (ЖИ) этикалық және қауіпсіз қолдану бойынша жүйелі жұмыс басталды. Бұл мақсатта мектептерде ЖИ-ді қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ЖИ-ді табысты енгізу үшін үш негізгі фактор маңызды: ұстаздардың жоғары біліктілігі, қатаң этикалық стандарттар және қоғамның технологияларға деген сенімі.

Қазақстан білім беру жүйесіне ЖИ интеграциясының ұлттық моделін жасауда. Ол этикалық, қауіпсіз, педагогикалық негізделген және оқушылар мен ұстаздардың әлеуетін барынша ашуға бағытталған. Негізгі мақсат — жаңа технологияларды саналы түрде қолдану, адамның рөлін сақтау және барлық процестердің ашықтығын қамтамасыз ету, – дейді Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Зейнеп Мақсұтова.

Ұлттық модельді әзірлеуде Эстония, Оңтүстік Корея, АҚШ секілді елдердің тәжірибелері зерделеніп, халықаралық беделді ұйымдардың ұсынымдары ескерілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: