Сәрсенбі, 27 тамыз, 20:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№64,2177
26.08.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан мектептерінде тағы бір жаңа пән енгізіледі

27.08.2025

67 0

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі мектеп бағдарламасына Жол қозғалысы ережелерін жеке міндетті пән ретінде қосуды ұсынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Alash.kz.

Оның айтуынша, министрлік балалардың қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу мақсатында құқықтық ағарту және түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізіп келеді. Бұған қоса, қоғам назарын аудару үшін түрлі профилактикалық акциялар мен іс-шаралар ұйымдастырылады.

Сұлтанбаевтың сөзінше, қазақстандық тәжірибе мен өзге елдердің жолда қауіпсіздікке үйрету әдістерін салыстыру барысында айтарлықтай айырмашылықтар анықталған. Әсіресе, мектеп бағдарламасында жол ережелерін оқытуға бөлінген сағаттардың тым аз екені атап өтілді.

Осыған байланысты ІІМ мектептерде бұл бағытты жеке пән ретінде енгізуді ұсынуда.

«Осыған байланысты, Ішкі істер министрлігі мектеп бағдарламаларында жол ережелері бойынша сабақтарды жеке міндетті пән ретінде енгізуді ұсынады. Өйткені оның артында балалардың өмірі тұр», – деді Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: