Сәрсенбі, 12 қараша, 11:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Израиль инклюзивті білім беру саласында тәжірибе алмасады

12.11.2025

52 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Израиль Мемлекетінің Аймақтық ынтымақтастық министрлігі, Білім министрлігі, Халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігі және Сыртқы істер министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құжат инклюзивті білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту арқылы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға тең негізде сапалы білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Онда білім беру саласында тәжірибе алмасу, мамандардың біліктілігін арттыру, екі елдің білім беру ұйымдары мен сарапшылары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту мәселелері қарастырылған.

Бұл Қазақстан үшін инклюзивті білім беру саласындағы практикалық ынтымақтастықты дамыту мен серіктестік байланыстарды тереңдетудің маңызды қадамы болып табылады. Біз ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту тәжірибесін жетілдіруге және мамандардың кәсіби әлеуетін арттыру бойынша әріптестікті нығайтуға мүдделіміз, – деді Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова.

Соңғы жылдары Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Барлық санаттағы балалар үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында нормативтік база қалыптастырылды. Елде арнайы білім беру ұйымдарының, психологиялық-педагогикалық қолдау орталықтарының және ресурстық кабинеттердің саны артып, барлық мектептерде кедергісіз білім беру стандарттары енгізілуде. Сонымен қатар, биыл қазан айында Қазақстанда алғаш рет Бүкіләлемдік инклюзивті білім беру конгресі өтті. Бұл іс-шара саладағы сарапшылар мен педагогикалық қауымдастық өкілдерін біріктіріп, тәжірибе мен идеялар алмасуға мүмкіндік берді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: