Жексенбі, 02 қараша, 00:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№83, 2195
01.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан жаһандық білім орталығына айналып келеді

01.11.2025

72 0

Фото: pixabay.com

QS (Quacquarelli Symonds) халықаралық рейтинг агенттігінің президенті Нунцио Квакварелли Қазақстан жоғары оқу орындарының халықаралық QS рейтингіне ену көрсеткіші айтарлықтай артқанын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, еліміз соңғы жылдары жоғары білім беруді интернационалдандыру және ғылыми бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағытында сенімді қадам жасап келеді.

Кваквареллидің пікірінше, Қазақстан бүгінде білім беру саласында ашықтық пен әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарына сүйеніп, әлемдік университеттер үшін тартымды әріптеске айналды. QS компаниясы Қазақстанмен бірлесіп болашақ мамандықтарды болжау моделін әзірлеуді және инновация мен білімге негізделген экономиканы дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Қазақстан университеттері халықаралық серіктестікті белсенді дамытып жатыр, бұл олардың беделі мен әлемдік рейтингтердегі позициясына оң әсер етуде. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемнің үздік 200 университетінің қатарына енді. Бұл – еліміздің Орталық Азиядағы жетекші ғылыми және білім орталығы ретінде қалыптасып келе жатқанын дәлелдейді, – деді Квакварелли.

Сарапшының айтуынша, алдағы онжылдықта жасанды интеллект еңбек нарығына түбегейлі әсер етеді. 2035 жылға қарай мамандықтардың шамамен 50 пайызы ішінара автоматтандырылуы мүмкін – әсіресе бухгалтерия, қаржы, логистика және әкімшілік салаларда.
Сонымен қатар, 75 пайызға дейінгі жұмыс орындарының тиімділігі артады, әсіресе технология, энергетика, медицина, деректер ғылымы мен креативті индустрияларда.

Қазақстан – Орталық Азия мен Еуразияның демографиялық тұрғыдан қарқынды дамып келе жатқан өңірінің ортасында орналасқан ел. Сондықтан оның академиялық және инновациялық орталыққа айналу әлеуеті өте жоғары, – деп түйіндеді Нунцио Квакварелли.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: