Астанада Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (МГИМО) ректоры Анатолий Торкунов Астанадағы МГИМО филиалының ашылуын Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесін дамыту жолындағы маңызды әрі стратегиялық қадам деп бағалады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Қазақстан заманауи жоғары білімжүйесін қалыптастыру мен халықаралық серіктестікті кеңейту бағытында айтарлықтай ілгеріледі. Бүгінде ел аумағындаРесейдің 9 жоғары оқуорнының филиалы жұмыс істейді. Онда шамамен 4 мың студент білім алуда, олардың мыңнан астамы – мемлекеттік грант иегерлері.
Қазақстан сонымен қатар Ресейдеөз университетінің филиалын ашқан алғашқыел атанды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Омбы қаласындағы филиалының ашылуына Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың өзі қатысқан болатын. Қазір Ресейдіңтүрлі жоғары оқу орындарында 60 мыңға жуыққазақстандық студент оқиды.
Анатолий Торкуновтың айтуынша, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетініңбазасында ашылған МГИМО филиалы – екі елдіңадам капиталының дамуына және жаһандықбілім беру кеңістігіне бірлесіп енуге бағытталған стратегиялық бастама.
Бұл – Қазақстан мен Ресейдің ұзақмерзімді серіктестігінің нақты көрінісі. Филиалдың жаңа білім беру бағдарламаларыдипломатия, экономика және технологияның тоғысындағы мамандарды даярлауға бағытталған. Бағдарлама аясында жасанды интеллект пен цифрлық шешімдер қолданылады, – деді Торкунов.
Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты филиалының ашылуы екі ел арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, халықаралық стандарттарға сай жаңа буын мамандарын даярлауға жол ашады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
