Денсаулық сақтау министрлігі карантинге жабылған сыныптар туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан .
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметованың айтуынша, қазіргі кезде республика бойынша коронавирустың анықталуына байланысты 250-ге жуық сынып карантинге жіберілді.
«Білім беру мекемелерінде коронавирус жұқтырудың 426 жағдайы тіркелген. Барлығы жер-жерде, бөлек болған. Бір сыныптан ары кетсе 5 оқушыдан ғана вирус анықталды. 356 сыныпта бір-бір жағдайдан ғана табылды. 62 сыныпта екі оқушыдан шықса, 11 сыныпта үш-үштен анықталды. Жалпы республика бойынша 241 сынып карантинге жіберілді», – деді Ахметова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.
Комитет басшысының орынбасары нақты неше мектепте және қандай аймақта оқушылардың карантинге кеткенін айта алмады.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!