Сәрсенбі, 12 қараша, 10:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда 40 балалар омбудсмені оқушылардың құқығын республикалық деңгейде қорғайды

12.11.2025

45 0

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Елімізде мектеп парламенттері мен балалар қозғалысының көшбасшылары арасында өткен сайлау нәтижесінде Қазақстанның барлық өңірінен 40 жас балалар омбудсмені анықталды. Олар оқушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін республикалық деңгейде қорғауға атсалыспақ, деп хабарлайды BAQ.KZ Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Балалар омбудсмендері – бала мен мемлекет арасындағы сенімді көпір. Олар өз замандастарының құқығын қорғауға қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, олардың шешілуіне ықпал етеді, әлеуметтік бастамаларды қолдайды және балалардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуын насихаттайды.

Сонымен қатар, жас омбудсмендер балалардың мүддесін ескеретін мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.

Біз үшін әр баланың өз тағдырына қатысты шешімдерге үн қосуы аса маңызды. Балалар омбудсмендері – баланың үні естіліп қана қоймай, ескерілетін жүйенің ажырамас бөлігі. Олар – біздің балалардың құқықтарын қорғаудағы сенімді серіктестеріміз, – деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – балалардың өзін-өзі басқару қабілетін дамыту, құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру, сондай-ақ бала құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық әріптестікті нығайту.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: