Бейсенбі, 25 шiлде, 20:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58-2068
23.07.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда барлық мектеп оқулығы цифрлық форматқа көшірілді

25.07.2024

177 0

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Қазақстанда барлық мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшірілді, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің жартыжылдық қорытындысында айтылған. 

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы маусымға қарай Қазақстан мектептерінде интернет сапасы үш есе жақсартылды. Барлық мектеп оқулықтары цифрлық форматқа көшірілді және 11 платформада қолжетімді.

Білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыру үшін eGovMobile мобильді қосымшасында «Bilim» жаңа сервисі іске қосылды, сондай-ақ орта білім туралы аттестатты, техникалық және кәсіптік білім туралы дипломдарды қоса алғанда, электронды үкімет порталында цифрлық құжаттардың тізбесі кеңейтілді», – делінген қорытындыда. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: