Сенбі, 28 желтоқсан, 03:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда ең көп сұранысқа ие маман анықталды

16.09.2022

1060 0

Қазақстанда жоғарғы білімі бар 400 мыңға жуық маман жұмыссыз жүр. Екі қолға бір күрек таппай сабылғандардың көбі Алматы мен Түркістан облыстарында тұрады. Еңбек ресурстарын дамыту орталығының статистикасына сүйенсек, соңғы айда жұмыс іздеушілердің саны екі есеге артқан. 

Сарапшылар электронды еңбек биржасын үнемі тексеріп отырады және ай сайын қорытынды жасайды.
Тамыз айында 93 мыңнан астам адам электрондық еңбек нарығында түйіндеме қалдырған. Көбінесе заңгер, қаржыгер, фельдшер, биотехнолог пен сәулетші мамандықтары бойынша қызметке орналаса алмай жүр.

Уақыт өте келе кассир, кітапханашы және мұрағатшы сияқты мамандықтар жоғалады. Бірақ инженерлер, IT-әзірлеушілер, STEM ғылымдарының өкілдері, аудармашылар және сату менеджерлері ешқашан сұраныстан түспейді. 

«Бүгінгі таңда ең танымал мамандықтардың бірі – сату жөніндегі менеджер. Себебі әрбір компания, әрбір бизнеске осындай мамандар қажет. Бұл мамандық ұзақ уақыт бойы сұранысқа ие болады. Қазір IT-мамандарға сұраныс өте жоғары. Бұл түсінікті шығар, өйткені қазір цифрландыру мен автоматтандыру дәуірі», – дейді кадрлық холдингтің атқарушы директоры Ольга Якупова.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының зерттеуіне сүйенсек, елде білім беру мен медицина саласында маман тапшы. Әсіресе тәрбиешілер мен олардың көмекшілеріне, университет пен колледж оқытушысына деген сұраныс жоғары. Жастар көбінесе жалақысы жоғары жұмыс іздейді. Ал біліктілігі жоқ еңбек қызметкерлерінің арасында жүк тасушы, құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласындағы жұмысшыларды іздейтіндер артқан.

“Бос жұмыс орындарының өсуі барлық өңірде байқалады. Мысалы, Жамбыл облысында бос жұмыс орын саны екі есеге өскен, өткен аймен салыстырғанда. Атырау облысында 83 пайызға, БҚО-да 71 пайызға өскен болатын. Жұмыс іздеушілерге келсек, Алматы қаласында екі есеге өскен. Алматы облысында да екі есе өскен. Аса қажет мамандықтардың ішінде техника мен IT мамандары бар”, – дейді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ департамент директорының орынбасары Ұлпан Шегенова.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: