Елордадағы М. Нәрікбаев Университетінде тұңғыш халықаралық журналистика мектебі ашылды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Соңғы үлгідегі заманауи техникамен жабдықталған білім ордасында 200-ге жуық студент бар. Пәндердің 70 пайызы ағылшын тілінде өтеді. Халықаралық мектепке қабылданған 20 оқушы Президент Телерадиокешені мен «Dara» президенттік бастамалар қорының грантын алған.
Мектептің ашылу салтанатына ақпарат саласының өкілдері қатысты. Мұнда оқу бағдарламасы 3 жылға созылады.
«Осы аралықта жастар жазба ісін ғана емес, бейнемонтаж, мобилаграфия және операторлық дағдыларды меңгеріп шығады. Әлемдік мықты университеттердің түлектері бізде сабақ беру процесін қарап жатырмыз. Министр Асхат Аймағамбетов те бізде сабақ беріп жатыр, Екатерина Шульман және шетелден де тарту процесі ойластырып жатыр. Техникалар өте жаңа. Соңғы үлгідегі техниканың барлығын алдық», – деді Мaqsut Narikbayev University басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!