Сейсенбі, 04 қараша, 20:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда мектеп бағдарламасына суда жүзу сабақтары енгізілмек

04.11.2025

71 0

Фото:depositphotos.com

Қазақстанда мектеп оқушыларына арналған дене шынықтыру бағдарламасына суда жүзу сабақтарын енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Qazaq Aquatics федерациясының бас хатшысы Дмитрий Баландин мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысы барысында Дмитрий Баландин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректерін келтірді. 2024 жылы әлемде 236 мыңнан астам адам суға батып қайтыс болған, олардың 82 мыңы – 1-14 жас аралығындағы балалар.

«Бұл көрсеткіштер халықты жүзудің қарапайым дағдыларына және судағы қауіпсіздік ережелеріне үйретудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, суға жүзу сабағын дене тәрбиесі жүйесіне енгізу және оны мектеп бағдарламасының бір бөлігіне айналдыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ол.

Федерация бас хатшысы Дмитрий Баландиннің айтуынша, бағдарлама пилоттық режимде 2026 жылы Алматы мен Астанада іске қосылады, кейін біртіндеп бүкіл елде жүзеге асырылмақ.

«Бұл бастама АҚШ, Аустралия және Венгрия сияқты әлемдегі ең мықты жүзу державаларының тәжірибесіне негізделген. Ол елдерде балаларды жүзуге міндетті түрде үйрету мектеп жүйесінде ұзақ жылдар бойы сәтті жүзеге асырылып келеді», – деді ол.

Баландиннің айтуынша, жоба балаларға ерте жастан судағы қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға және спортқа қызығушылықты денсаулықты нығайтудың маңызды бөлігі ретінде дамытуға мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: