Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда мектеп дәретханалары мен асханаларын тексеру акциясы басталды

27.04.2022

1412 0

Қазақстанда мектеп дәретханалары мен асханаларына мониторинг жүргізу бойынша «Балаға лайық» республикалық акциясы басталды. Акция «Мектептің жақсаруына көмектес!» ұранымен өтіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Акцияға кез келген ниет білдірушілер қатыса алады: мектеп оқушылары, еріктілер, балалар өкілдігі, мұғалімдер, ата-аналар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және т.б.

Осылайша жылы дәретханалары жоқ және балаларға санитарлық-гигиеналық жағдай жасалмаған білім беру ұйымдары анықталады.

«Мектептерді қаржыландырудың заңнамалық функциялары, олардың құрылысы мен қажетті жағдайларды, оның ішінде санитарлық жағдайды жасау мәселелері әкімдіктердің құзырында екенін атап өткен жөн. Бұған дейін министрлік мектеп дәретханалары мен мектеп мәзірін жақсарту бойынша шаралар қабылдау үшін бірқатар өңірдің әкімдіктеріне хат жолдаған болатын. Біз бұл мәселені бақылауда ұстаймыз. Акцияны өткізу балалардың мектепте жайлы болуы үшін жағдай дұрыс жасалмаған білім беру ұйымдарын анықтауға көмектеседі.

Мониторинг жазалау үшін емес, бірлесіп, мектептерде балаларға қажетті жағдай жасауға тарту үшін жүргізіледі. Мектеп әкімшіліктеріне бұзушылықтарды жоюға уақыт беріледі. Сонымен қатар мектеп асханаларында проблемалы жуынатын бөлмелер мен заң бұзушылықтар туралы хабарлағандардың аты-жөні және олар туралы ақпарат жария етілмейтініне кепілдік беріледі. Мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар да мектеп асханаларындағы бағаның көтерілгенін, олардың мектеп мәзіріне қаншалықты қанағаттанатынын хабарлай алады. Одан бөлек, қандай асханаларда зиянды тағамдар, яғни фастфуд, газдалған сусындар сатылатыны туралы да мәлімет бере алады», – деді ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: