«Қазақстан халқына» қоры студенттерге арналған оқу гранты түріндегі көмек көрсету бағдарламасының бағдарламасын әзірлеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
24 мамыр күні қор төрағасы Болат Жәмішев пен Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, ЖОО ректорлары онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында Болат Жәмішев студенттерге арналған грант түрінде көмек көрсету бағдарламасын таныстырды. Грант бөлуге арналған талаптар, іріктеу механизмі Білім және ғылым министрлігімен бірге жасалмақ. Бұл процеске жоғарғы оқу орындары да белсенді қатысады.
Бағдарламаны 1 қыркүйек іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар қор өкілдері тұрғындардан университеттегі оқу ақысын төлеп беру туралы өтініштің жиі түсетінін мәлімдеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!