Жұма, 27 желтоқсан, 10:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда тәрбиешілер мен мұғалімдердің жалақысы тағы 25%-ке өседі

19.08.2022

539 0

Келесі жылы балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Жалақы біраз өсті. Ендігі жылы президенттің тапсырмасына сәйкес тағы 25%-ке процентке артады. Бізде көбіне жалақы көбейеді дегенде мектептегі мұғалімнің айлығы ғана өсетін сияқты болып қабылданады. Бірақ 2020 жылдан бастап жыл сайын, келесі жылы да, мұғалімдердің, балабақша тәрбиешілері мен қызметкерлерінің, колледж қызметкерлерінің, қосымша білімдегі педагогтердің жалақысы 25 пайызға өседі», –  деді Аймағамбетов тамыз конференциясында.

Министр бүгінде мұғалімдер үй-үйді аралаудан және міндетіне кірмейтін жұмыстардан босатылғанын атап өтті.

«Министрліктің бұйрығына сәйкес енді мұғалімдер күн сайын тек екі құжат қана толтырады. Біз сіздермен бұл жұмысты әрі қарай жалғастырамыз», –  деді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: