Бейсенбі, 26 желтоқсан, 22:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда тағы бір сала мамандарының жалақысы өсті

20.10.2022

630 0

Отандық ғалымдардың жалақысы 70 пайызға өседі, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, отандық ғалымдардың жалақысы 257 мың теңгеге дейін өсті. Осыған дейін ғалымдардың жалақысы тұрақты болмаған және конкурстардың нәтижелеріне байланысты болатын. Енді олар гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурстық рәсімдерге қарамастан тұрақты еңбекақы алатын болады.

Енгізіліп жатқан қаржы реформалары 1200-ге жуық жетекші ғалымның жалақысын 70 пайызға яғни 152 мың теңгеден 257 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл шаралар 74 ғылыми-зерттеу институттың кадрлық және ғылыми әлеуетін және отандық ғалымдардың құзыретін нығайтуға ықпал етеді.

«Министрлік зерттеуші ғалымдарға қажетті жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Ведомство ғалым мамандығының қаржылық тұрғыдан тартымды болуы және маңызды ғылыми идеялардың тұрақтылығы мен жүзеге асырылуына кепілдік беру үшін жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында іргелі ғылым мен зерттеу институттарын базалық қаржыландыру көлемін ұлғайту мәселесі шешілді. Ғылым туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді», – деді ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, қазіргі уақытта министрлік 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға, оның ішінде жас ғалымдарға арналған конкурстар жариялады.

Еске салайық, бұған дейін оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы өсетінін хабарлаған болатын. Яғни 2022 жылдың қаңтарында балабақшалардағы, мектептердегі және колледждердегі мұғалім жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі. 2021 жылдың қыркүйегінен бастап мұғалімдерді қабылдау жүйесі өзгеріп жатыр. 

massaget.kz

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: