Бейсенбі, 26 желтоқсан, 19:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларға берілетін көмек сомасы ұлғайтылады

09.08.2022

1578 0

Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 400 мыңнан астам оқушыға берілетін көмек көлемін арттырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бұған дейін бөлінген сома 17 мыңнан 40 мың теңгеге дейін болса, биыл оқу-ағарту министрлігінің өтініші бойынша өзгерістер енгізілді. Енді көмек мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен, яғни 37 389 теңгеден төмен болмауы керек», – деп жазылған министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың ұсынысымен көмек көрсету тетігіне өзгерістер енгізілді. Енді ақша ата-аналарға балаларымен бірге мектеп формасын, аяқ киімін, кеңсе тауарларын және тағы басқа қажетті затты өз бетінше таңдай алуы үшін беріледі. Бұған дейін мұның барлығын әкімдіктер сатып алатын және тауардың көлеміне, сапасына және т.б. байланысты мәселелер туындайтын.

«Жалпыға міндетті білім беру» қорының аясында атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ АӘК алмайтын, бірақ жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ жаңа оқу жылы қарсаңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайға тап болған оқушылар және т.б. материалдық көмек алады.

«Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері көпбалалы аналармен бірнеше рет кездесіп, әкімдіктермен мәселелерді талқылап, олардың тілектерін ескере отырып, әлеуметтік осал балаларға көмек көрсету ережелерін өзгертуге бастама жасады. Ата-аналардың шотына ақша тікелей түсіп, мектеп формасын, кеңсе тауарларын және балаларға арналған аяқ киімді өз бетінше таңдай алуы үшін заңнамаға түзетулер енгіздік», – деді Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев.

Мұның артықшылығы – бала ата-анасымен бірге өзі таңдаған киіммен мектепке бара алады. Бұған дейін сатып алумен әкімдіктердің қызметкерлері айналысатын. Осыған байланысты жыл сайын киімнің көлеміне, сапасына қатысты мәселелер туындап, балалар онымен жүруге ұялатын.

Мектептерді қаржыландыруды, оның ішінде оқушыларды қолдауды әкімдіктер жүзеге асыратындықтан, биыл олар қаржылай көмек алуға тиісті барлық балаға кемінде 37 389 теңге көлемінде қаражат бөледі. Бұл ең төменгі сома, ал бұрын оның көлемі әртүрлі болды – 17 мың, 20 мың және 25 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін еді.

«Бүгінгі таңда ең төменгі мөлшерден көп қаржы бөлетін жергілікті атқарушы органдар да бар. Біз бұны құптаймыз. Қаражаттың ұлғаюы осы көмекті алатын 418 мыңнан астам балаға оң әсер етеді», – деді Дулат Жекебаев.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: