Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Әділет Тойбаев еліміздегі университет оқытушыларының жалақысы соңғы үш жылда қанша теңгеге өскенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Комитет төрағасы Әділет Тойбаев университет оқытушыларының жалақысы жыл сайын өсіп жатқанын атап өтті.
“Соңғы үш жылда еліміздегі оқытушылардың жалақысы өсті: 2021 жылы жалақы орташа есеппен 222 549 теңгені, 2022 жылы – 369 357 теңгені, ал 2023 жылы – 426 472 теңгеге жетті. Бұл шаралар оқытушылардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге, олардың кәсіби өсуін ынталандыруға және біліктілігін арттыруға бағытталған”, – деп айтты комитет басшысы.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!