Сәрсенбі, 17 желтоқсан, 20:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандық білім беру ұйымдары ChatGPT Edu жүйесіне алғашқылардың бірі болып қосылады

17.12.2025

45 0

Фото: Reuters

Қазақстан әлемде алғаш болып OpenAI әзірлеген жаңа буындағы ChatGPT-тің пилоттық жобасы іске қосылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

OpenAI алғаш рет ChatGPT Edu пилоттық жобасын іске қоспақ, ал оны енгізу үшін алғашқы ел ретінде Қазақстан таңдалды.

“Бұл жобаны жүзеге асыру үшін серіктес ел ретінде Қазақстанның таңдалуы – ұлттық білім беру жүйесінің жүйелі түрде жаңғыртылуымен байланысты. Онда жасанды интеллект негізгі басымдықтардың бірі ретінде айқындалған”, – делінген ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарламасында.

Жобаның мақсаты – жасанды интеллектінің ең озық технологияларының бірі ChatGPT-ді енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру және білім беру жүйесінің әлеуетін нығайту. Жоба аясында Қазақстандағы білім беру ұйымдарына лицензиялар беру көзделген.

“ChatGPT Edu-ды пайдалану мектептер мен жоғары оқу орындарына білім беру бағдарламаларын жетілдіруге, оқу және әдістемелік материалдарды әзірлеуге әрі жаңартуға, жасанды интеллект саласындағы заманауи тәжірибелерді енгізуге, сондай-ақ оқу және әкімшілік қызметтің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді”, – делінген министрлік хабарламасында. 

Жобаны іске қосу 2026 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: