Еліміздің онкологтары обыр ауруын адаптивті терапиямен емдеу үшін ЖИ енгізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ұлттық ғылыми онкологиялық орталықта әлемдегі жалғыз технология – жасанды интеллект пайдаланылатын сәулелік терапия қолданылады. Жаңа әдістеме емдеу шараларын пациенттің ағзасындағы жеке өзгерістерге күнделікті бейімдеуге мүмкіндік береді, сәулемен атудың дәлдігін едәуір жақсартып, жанама әсер қаупін азайтады. Бұл туралы орталықтың медициналық физика бөлімінің бастығы Қайыргелді Датбаев айтты.
Емдеу кезінде ісіктердің мөлшері күрт өзгеруі мүмкін, ал қуық немесе ішек сияқты кіші жамбас мүшелері күн сайын көлемін өзгертіп отырады. Оларды бірдей қалыпта ұстап тұру мүмкін емес. Соған сәйкес, біз 2025 жылдың наурызынан бері адаптивті сәулелік терапия тәсілін қолданып келеміз. Бүгінде 80-нен астам науқас ем алды. Нәтижесіне медициналық персонал да, техникалық персонал да өте ризамыз, – деп атап өтті Қайыргелді Датбаев.
Пациенттерге шетелге барудың қажеті жоқ
Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық радиофармпрепараттардың 13 түрінен тұратын төл өндірісін іске қосты. ҰҒОО Радиациялық технологиялар орталығының басшысы Индира Тілеулесованың айтуынша, бұл Қазақстандағы бір кешеннің базасында ПЭТ-диагностика мен терапияның толық циклін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ПЭТ-КТ және ПЭТ-МРТ сынды тағы да басқа озық үлгідегі жабдықтарда жұмыс істеу үшін ҰҒОО-да өз мамандарының командасы жасақталды. Олар – медициналық физиктер, радиохимиктер, радиофармацевтер және инженерлер. Бұл елімізде ең заманауи емдеу хаттамаларын енгізуге мүмкіндік береді.
Осылайша, орталық өз қажеттіліктерін толығымен, ал пациенттерін арнайы препараттармен ПЭТ зерттеулерден өтуге жіберетін басқа аймақтардың қажеттіліктерін ішінара жауып отыр.
Одан бөлек, бүгінде көптеген әлемдік медициналық орталықтар тәжірибе алмасу және ғылыми-зерттеу қызметі үшін ҰҒОО-мен тығыз ынтымақтаса бастады.
Бізде болашақта диагностикалық мақсаттар үшін 13 радиофармпрепарат шығару жоспарлануда. Осылайша біз өз қажеттіліктерімізді, сонымен қатар ішінара басқа өңірлердің қажеттіліктерін өтемекпіз. Бұл Президенттің Астанада барлық бірегей әдістемелерді қамтитын осындай орталық құру туралы тапсырмасы аясында жүзеге асып отыр. Біз енді пациенттерімізге шетелге кету үшін ақша іздеп сабылмауына көмектесе аламыз, өйткені біз мұнда кезең-кезеңімен енгізіп жатқан көптеген нәрселер шетелде бар, сол үшін де ол жаққа баруға ұмтылатындар көп. Енді бәрін өзімізде жасайтын боламыз, — деп атап өтті ҰҒОО Радиациялық технологиялар орталығының басшысы Индира Тілеулесова.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
