Қазақстандық мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын. Күзгі каникул кезеңі биыл 27 қазанда басталып, 2 қарашаны қоса алғанда жеті күнге созылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспары ұсынылады.
Жоспар патриотизм, әділеттілік және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дамытуға бағытталған іс-шараларды қамтиды:
• «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру шеңберінде «Демалыста кітап оқимыз» іс-шарасы;
• «Буллингтен қорған!» қауіпсіздік сабағы;
• «Мектеп театрының» жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.
«Ең бастысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр. Осы мақсатта ата-аналармен бірге жол-көлік жарақаттарының алдын алу іс-шараларына, мектептің ішкі тәртібін сақтау, балалардың көшеде қауіпсіздігі, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару қажет», – делінген министрлік хабарламасында.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!