Жұма, 21 ақпан, 05:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№13, 2126
18.02.2025
PDF мұрағаты

Қазіргі Қазақстандағы этносаралық келісім мен тұрақтылық

19.02.2025

230 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толуына орай «Қазіргі Қазақстандағы этносаралық келісім мен тұрақтылық» тақырыбындағы республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.


Жиынның басты мақсаты – Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін бағалау, оның қоғамдық келісім мен ұлтаралық бірлікті нығайтудағы рөлін атап өту, жаңа бастамаларды қолдап, қоғамның барлық топтарын біріктіру жолында алға қойған мақсаттарды талқылау.
Конференцияға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева, Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Қаюпов, Қазақстан халқы Ассамблеясы орталығының жетекшісі, Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Айтжан Оразбақов, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жетекшісі Айгул Садвокасова, Астана қаласы «Ахыска» түрік этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Әскер Пириев, М.О. Әуезов атындағы ОҚЗ университетінің доценті, Шымкент қаласы ҚХА жанындағы Ғылыми сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты Саипжамал Корганова, Облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты Айгүл Мұсабаева, «Қазақстанның орыс қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда филиалының директоры Наталья Мишукова және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары, оқытушылары мен білім алушылары, БАҚ өкілдері онлайн және офлайн форматта қатысты.
Айта кетсек, конференция ғылыми баяндамалар мен талқылаулар, этносаралық қатынастарды жетілдіруге бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру үшін жақсы алаңға айналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: