Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 15:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

ҚазҰУ-да пәк қыздардың тізімі telegram арнасында тарап кеткен

14.02.2024

1004 0

Сурет: massaget.kz

Aqmeshit-aptalygy.kzTelegram-арналардың бірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттерінің медициналық жеке деректері тарап кеткені туралы ақпарат пайда болды, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Тараған ақпаратта студенттердің аты-жөні, ЖСН, байланыс нөмірлерінен бөлек, кейбір медициналық қорытындылар да жазылған.

Университет әкімшілігі өкілдері осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

«6 ақпанда «Smart Health UniversityCity» ЖШС медбикесі WhatѕАрр мессенджері арқылы механика-математика факультеті деканатының маманы Ж.Смағұловаға осы факультеттің 3-4-курс студенттерінің флюорографиялық зерттеуден өтуін қамтамасыз ету үшін Excells форматында тізімін жіберді. Алайда құжаттарда студенттердің тегі мен аты-жөнінен бөлек, медициналық құпия мәліметтер де болған. Кейін мессенджерлерге жіберу арқылы университет студенттеріне қатысты дәрігерлік құпия деректер мен мәліметтер тарап кеткен. Осы дерек бойынша 14 ақпанда университетте қызметтік тексеріс тағайындалды және Алматы қаласының прокуратурасына прокурорлық ден қою шараларын қабылдауды, студенттердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуді сұрап, өтініш жолданды», – деп жазылған университет әкімшілігі жауабында.

Сонымен қатар, университет «Smart Health University City» ЖШС-мен шартты бұзу мәселесін қарастырып жатқандарын хабарлады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: