Жексенбі, 22 желтоқсан, 07:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 2023-2024 оқу жылында атқарылған жұмыстар қорытындыланды

13.11.2024

247 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Студенттер сарайында Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Каримова атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы есепті кездесу өткізді. Университет басшысы қазіргі таңда университеттің халықаралық білім беру ортасындағы беделі мен бәсекеге қабілеттілігі артқанын айтты.

“Университет QS Word University Ranking-2025 рейтингі бойынша әлемдегі 1400+ үздік университеттердің қатарына кіреді. Азия континентіндегі университеттер арасында QS Asia Ranking рейтингтік агенттігінің мәліметі бойынша университет 2024 жылы ТОП 541-560 қатарына кіріп, Орталық Азиядағы университеттер арасында 34-орында тұр. Бұдан бөлек, UI Green Metric World University Rankings-2023 рейтингінде университет 1015-ші орында.

Оқу орны 2024 жылы Times Higher Education рейтингінде Global University Impact Rankings-2025 индикаторы бойынша нәтиже көрсетті”,-деді Бейбіткүл Каримова.

Кездесу барысында оқу орнының академиялық білім беру, ғылыми-зерттеу, халықаралық қатынас, әлеуметтік қызмет және цифрландыру бағыттары баяндалды.

“Жыл сайын университетте контингент саны артып келеді. Бүгінде оқу ордасында 10 512 студент білім алуда, оның ішінде 4 905 мемлекеттік білім гранты бойынша оқиды. Биыл алғаш рет еліміздің өзге облыстарынан 151 түлек 1-курсқа қабылданды. Жалпы 2019-2020 оқу жылындағы студенттер санымен салыстырғанда жаңа оқу жылында білім алушылар 2 есеге, мемлекеттік грант негізінде оқитын студенттер саны 4,4 есеге өсті. Сонымен қатар, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан және Ресейден келген 46 шетелдік студент білімін жетілдіруде”,-деді университет басшысы.

Есепті кезеңде Өзбекстан елінің «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетімен 6 бірлескен білім беру бағдарламасы әзірленді. Ал қос диплом бағдарламасы бойынша Мәскеу авиация институтының «Восход» филиалы және Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен бірлескен 2 білім беру ағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бейбіткүл Сәрсемханқызы есепті кездесуде 2024-2025 оқу жылына арналған межелі міндеттерге тоқталды. Университет ректоры алдағы уақытта еліміздің адами капиталы мен ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтуге ықпал ететін жаңа бастамаларды жүзеге асыратынын айтты.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, серіктестер, білім алушылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар кездесу соңында сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Айта кетейік, есепті кездесу оқу орнының ресми әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде жүргізілді.

Кездесу 17 қараша – Халықаралық студенттер күніне арналған студенттік халық аспаптар оркестрінің концертімен жалғасты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: