Бейсенбі, 18 қыркүйек, 11:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№70, 2183
16.09.2025
PDF мұрағаты

Қорқыт ата университетінің жастары әлемдік білім кеңістігінде

18.09.2025

57 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті халықаралық серіктестік аясын кеңейтіп, студенттердің шетелде білім алу мүмкіндіктерін жылдан-жылға арттыруда. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы – жастарға өз білімін тереңдетіп қана қоймай, жаңа мәдениетпен танысуға, тәжірибе алмасуға, кәсіби тұрғыда дамуға зор мүмкіндік беретін жобалардың бірі.
Қазіргі таңда университет жастары Оңтүстік Корея, Бельгия, Польша, Түркия, Өзбекстан, Әзірбайжан және Қырғызстан мемлекеттеріндегі жетекші жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруда. Бұл – білім сапасын арттырумен қатар, Қорқыт ата университетінің халықаралық деңгейдегі беделін де айқындайтын жетістік.
2025–2026 оқу жылының күзгі семестрінде шетелде білім алуға аттанған студенттердің саны едәуір артты. Бұл – жастардың шетелдік университеттерге деген қызығушылығының, сонымен бірге университеттің халықаралық әріптестік байланыстарының нәтижесі.
Биылғы оқу жылында Оңтүстік Кореяның білім ошақтарына баруға ерекше қызығушылық байқалды. Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университетіне 6 студент, ал Каннам университетіне 1 студент қабылданды. Бұл оқу орындары – Оңтүстік Кореядағы инновациялық білім беру орталықтарының бірі болып табылады. Мұндағы студенттер ғылым мен технологияны меңгеріп қана қоймай, кәріс мәдениеті мен дәстүрін де жақыннан тануға мүмкіндік алады.
Бельгиядағы Ховест Қолданбалы ғылымдар университетіне 4 студент білімін жалғастыруға кетті. Бұл ел – сапалы білім жүйесімен танымал, сондықтан студенттер халықаралық стандарттарға сай тәжірибе жинақтап, жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алады.
Ал Польша – Қорқыт ата университетімен тығыз серіктестікте жұмыс істеп келе жатқан елдердің бірі. Лодзь университетімен жасалған келісім аясында жыл сайын 25 студент шетелде білім алуға жолдама алады. Ағымдағы семестрде 15 студент Польшаға аттанып, еуропалық білім кеңістігінде жаңа тәжірибеге қадам басты.
Түркиядағы Анкара музыка және көркемөнер университетінде 2 студент білім алуға кетті. Бұл – өнер саласын таңдаған жастар үшін өзін-өзі дамытуға, жаңа шығармашылық идеяларды жүзеге асыруға таптырмас мүмкіндік.
Сонымен қатар Қырғызстанда – 2 студент, Өзбекстанда – 9 студент, Әзірбайжанда – 3 студент білімін шыңдауда. Бұл елдердегі серіктестік – аймақтық ынтымақтастықты арттырып қана қоймай, ортақ мәдени құндылықтарды тереңірек тануға жол ашады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасының дамуы – Қорқыт ата университетінің халықаралық деңгейдегі мәртебесін айқындайды.
Бұл бастама жастардың кәсіби бәсекеге қабілеттілігін арттырып, болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға ықпал етеді. Әлемнің түрлі елінде тәлім алып жүрген студенттер тек өз болашағына емес, сонымен бірге университеттің де халықаралық деңгейдегі имиджіне үлес қосуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: