Сенбі, 28 желтоқсан, 23:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қос диплом беру бағдарламасы жүзеге аспақ

17.06.2024

552 0

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы-Ректор Бейбіткүл Кәрімова мен Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Серікұлы БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Онда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетіндегі қос диплом беру бағдарламасына тоқталды.

– Өткен жылдың мамыр айында Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Сеулге сапары барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен қос дипломды және бірлескен білім беру бағдарламасын құру мүмкіндігі туралы келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде Қорқыт ата университет базасында жасанды интеллект және информатика жоғары мектебі ашылды. Онда киберқауіпсіздік, бағдарламалау және бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелер және информатика бойынша бірлескен білім беру жобасы әзірленді. Аталған бағдарлама бойынша студенттер биылғы оқу жылынан бастап білім алады. Сонымен қатар сәуір айында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің Сеултехнигі жұмыс сапары барысында білім беру қызметтерінің спектрін кеңейту және қос диплом бағдарламасы бойынша кадрлар даярлау туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёльдің мемлекеттік сапары аясында Астана қаласында Инвестициялар және бизнес, ғылым және білім беру саласында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Шара барысында Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті арасында «AI architect», «Data management» сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат деңгейінде кадрлар даярлау туралы екіжақты келісімге қол қойылды, – деді  ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы

Аталған қос диплом беру бағдарламасына сәйкес Корея Республикасының білікті ұстаздары Қорқыт ата университетінің студенттеріне  сабақ беріп, озық тәжірбиелерімен бөлісетінін жеткізді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Серікұлы студенттердің қос диплом бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау 2025-2026 жылдан басталатынын айтты. Сондай-ақ бағдарламаны Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебіне түскен студенттер пайдалана алатынын, келісім сәйкес студенттер алғашқы төрт семестр Қазақстанда оқыса, келесі төрт семестрді Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінде жалғастырмақ. Ол үшін қос диплом бағдарламасына қабылданған студенттердің ағылшын тілі пәнін еркін меңгергендігі және салаға деген қызығушылығы ескерілетінін жеткізді.

Айта кетейік мұндай мүмкіндікті мемлекет басшысы Қазақстан-Корей бизнес форумына қатысу барысында университеттер арасындағы келісімге қол жеткізді.

Назерке Жаханова

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: