Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің кадр саясаты тобының маманы әділет майоры А.Беркінбеков пен №68 мемлекеттік мекемесінің кадр саясаты тобының аға инспекторы, әділет капитаны М.Тұрымбетов, «Қорқыт ата» атындағы Қызылорда университетінің заң және құқық факультетінің 1-курс студенттерімен кездесті.
Шараның басты мақсаты – ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына оқуға түсу талаптарын айту.
Студенттер назарына жоғары оқу орны ҚР ІІМ Қостанай академиясына оқуға түсу алгоритімін түсіндіріп, арнайы жадынамалар таратылып, арнайы әзірленген бейнеролик көрсетілді. Академияға қабылдау Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша берілген мемлекеттік сертификаттың баллына сәйкес медициналық, физикалық және психофизикалық көрсеткіштер бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Курсанттар академияда оқудың барлық кезеңіне киім-кешекпен, жатақханада тұрумен, тамақтану жəне мемлекеттік шəкіртақымен қамтамасыз етіледі. Академияның күндізгі оқу түрінің толық курсын бітірген тыңдаушыға «әділет лейтенанты», «полиция лейтенанты» атағы беріліп, түлектердің әр қайсысына алған мамандығына сай қызмет орны ұсынылады.
Мөлдір Жолдасбекқызы
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!