Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев елімізде замануи жаңа форматтағы мектептердің құрылысы қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты.
Бүгінге дейін 105 мектеп салынды. Биыл тағы 112 мектептің құрылысы аяқталып, іске қосылады. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасымен іске асырылып жатқан қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған стратегиялық бастама.
Жаңа мектептердің тағы бір ерекшелігі заманауи технологиялармен қамтылған: робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары, 4 спорт залы бар, заманауи пәндік кабинеттер, алғашқы әскери дайындық үшін арнайы ашық алаңдар қарастырылған – Бұл туралы ОКҚ-нің алаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!