Дүйсенбі, 24 ақпан, 19:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№14,2127
22.02.2025
PDF мұрағаты

Қырғызстандық студенттер білім мен тәжірибе алмасады

24.02.2025

124 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Қырғызстанның Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінен 35 студент академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында оқуға келді. Бұл бастама екі ел арасындағы білім және мәдени алмасуды дамытуға, студенттердің халықаралық тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік береді.

Қырғызстандық студенттермен Академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашева, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнура Бөрібаева мен әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай кездесіп, университеттің мүмкіндіктері мен оқу бағдарламалары туралы ақпарат берді.

Айта кетейік, шетелдік студенттер бір апта бойы оқу орнының жұмысымен танысып, оқу үрдісі мен оның мүмкіндіктерін толық меңгеретін болады. Бұл бағдарлама екі университет арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, жастардың болашақ кәсіби дамуына және ғылыми ынтымақтастықтың артуына ықпал етеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: