Сәрсенбі, 06 тамыз, 20:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№58, 2171
05.08.2025
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласы бойынша облыс әкімінің гранты бөлінді

06.08.2025

96 0

Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын өңірге қажетті мамандықтар бойынша (еңбек ресурстар балансына сәйкес) әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал топтарынан шыққан мектеп бітірушілеріне облыс әкімінің 42 гранты бөлінді. 

Оның ішінде, Қызылорда қаласы және қалаға қарасты кенттер мен ауылдық округтердегі орта мектеп бітірушілеріне техникалық, ауыл шаруашылығы, агрономия, қызмет көрсету, энергетика, құрылыс салалары бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде мамандарды дайындауға 34 грант,  жалпы медицинаға 8 грант бөлінді.

Қазіргі таңда қала бойынша үміткерлерден құжаттар қабылдау жұмыстары  қаладағы М.Әуезов көшесі № 2а ғимаратта орналасқан Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 2025 жылдың  5-15 тамызы аралығында жүргізілетіндігін хабарлаймыз.

Бөлімге келіп толық ақпарат алуға болады.  Байланыс телефондары: 40-04-81, 8 777 452 2611.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: