Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №176 орта мектепте «Біртұтас тәрбие: Құндылық. Ұлттық тәрбие. Жас ұрпақ» тақырыбында қалалық семинар өтті.
Семинарға Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Самат Күнқожаев пен білім бөлімінің әдіскері Газиз Убаев, қала мектептерінің тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Семинардың мақсаты – біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру. Шара барысында «Ұлттық мектеп лигасы» жобасы аясында мектептегі «Асык ату», «Тоғызқұмалақ», «Бес асық» үйірме жұмыстары насихатталып, «Алтын домбыра» үйірмесі домбырашыларының күй күмбірледі.
Мұнан соң ұлттық құндылықтарға бағытталған қолөнер, ұлттық тағамдар мен ұлттық, бұйымдардан жасалған көрме таныстырылды. Сонымен қатар, ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыстары бағытында «Даналық мектеп» жобасы аясында әжелер, әкелер, ата -аналармен шеберлік сағаты, әке мен бала уақыты, ата-аналармен ағартушылық жұмыстар жүргізілді. Қатысушы қонақтар семинар барысы мен ұйымдастырылған іс-шараларға оң бағасын беріп, пікір алмасты.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!