Сенбі, 23 қараша, 02:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№93 – 2103
23.11.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласының «Жыл оқушысы» кім?

28.11.2022

828 0

Қызылорда қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Жыл оқушысы» республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Жоғары уәжді және дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесінің ажырамас бөлігіне айналған бұл байқауда жас ерекшеліктеріне байланысты 6-7, 8-9 және 10-11 сыныптың бозбалалары өзара сынға түсті.

Жанәбіл Нұрманов атындағы №198 мектепте өткен сайыстың негізгі мақсаты – оқушылардың білім деңгейін арттыру, әртүрлі салаларда дербес ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмысқа тарту, тұлғалық қабілеттерінің жаңа деңгейін қалыптастыру. Жас таланттар байқауына Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдіскері Нұржан Қуанышбай арнайы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыстың шарты бойынша конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттың бірі – конкурсқа қатысатын оқушы үздік немесе жақсы оқитын шәкірт болуы керек. Конкурстың қазылар алқасы бағалау критерийін анықтап, байқаудың ІІ турындағы эссе жазу және ІІІ турындағы оқушының шешендік өнерін бағалады.

Төрт турдан тұратын байқаудың алғашқы тапсырмасында оқушылар өз-өздерін слайд арқылы таныстырды. Содан соң ІІ кезеңде оқушылар жарысқа арнайы дайындалған тақырыптарға сәйкес эссе жазудан сынға түсті. Үшінші кезеңде қазылар алқасы қатысушының шешендік өнерін бағаласа, төртінші сайыста оқушылар өздерінің жеткен жетістіктері мен марапаттарынан жасалған портфолиосын әділ қазылар назарына ұсынды.

Осылайша, «Жыл оқушысы» республикалық байқауының қалалық кезеңінде 6-7 сыныптар арасында І орынды №257 орта мектептің 6-сынып оқушысы Ержігіт Сармырзаев, 8-9 сынып оқушылары арасында Әбу Құдабаев атындағы №197 мектептің 9-сынып оқушысы Шыңғыс Әніс пен 10-11 сыныптар арасында №212 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Нұрай Алнағанбет иеленді. Енді жеңімпаз оқушылар Қызылорда қаласының намысын облыстық кезеңде қорғайды.

А.НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: